29 қаңтар 2015 16:22

Спорт соты Мухановтың "Ақтөбе" клубынан жұмыстан шығарылуын заңсыз деп тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Муханов. ©РИА Новости Владимир Муханов. ©РИА Новости

Лозаннаның спорт төрелік соты ресейлік маман Владимир Мухановтың 2012 жылы "Ақтөбе" футбол клубынан жұмыстан шығарылуын заңсыз деп тапты. Бұл туралы Fanatik.kz порталына бапкердің мүддесін қорғайтын Legal Sport заң компаниясының серіктесі Михаил Прокопец хабарлады. 


Лозаннаның спорт төрелік соты ресейлік маман Владимир Мухановтың 2012 жылы "Ақтөбе" футбол клубынан жұмыстан шығарылуын заңсыз деп тапты. Бұл туралы Fanatik.kz порталына бапкердің мүддесін қорғайтын Legal Sport заң компаниясының серіктесі Михаил Прокопец хабарлады. 

"Спорттық сотта барлық материал оқылды, тараптар тыңдалды. Мысалы, "Ақтөбе" ФК жетекшілері бейнеконференция режимінде түсінік берді. Іс жан-жақты зерттеліп, жаңа шешім шығарылды: клуб бапкердің бір жылғы жалақысын төлеп қана қоймай, пайыздар мен сот шығындарын және заңгердің қызмет ақысын өтеуді өз мойнына алады. "Ақтөбе" ФК сот шешімін орындауы үшін қомақты соманы төлеуі керек. Бірақ бұл бапкерімен қоштасқысы келген кез келген клубтың баратын қадамы", - деп мәлімдеді заңгер. Еске сала кетейік, 2012 жылы футбол клубы Мухановтың жұмыстан шығарылуына оның турнир міндеттемелерін орындамауы себеп екенін айтқан еді, қазір бапкер Көкшетаудың "Оқжетпес" клубын жаттықтырып жүр. 

Еске салайық, Мухановтан кейін "Ақтөбе" ФК бас бапкері қызметіне Владимир Никитенко келді. Ол команданы бір жарым жыл бойы басқарды, 2014 жылдың маусымында оның жетекшілігіндегі клуб Қазақстан премьер-лигасының 19-турында "Қайраттан" 1:7 есебімен ойсырай жеңілді, содан кейін бапкер отставкаға кетті. "Ақтөбе" ФК жаңа бапкері болып Владимир Газзаев тағайындалды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети