10 қаңтар 2018 10:24

Станимир Стойлов футболдан Қазақстан құрамасын жаттықтырудан неліктен бас тартты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Астана" футбол клубы © "Астана" футбол клубы

"Астана" бас бапкері болгариялық маман Станимир Стойлов "Блиц" басылымына берген сұхбатында елордалық клубта қалып, Қазақстан құрамасын жаттықтырудан неге бас тартқанын түсіндірді. 


"Астана" бас бапкері болгариялық маман Станимир Стойлов "Блиц" басылымына берген сұхбатында елордалық клубта қалып, Қазақстан құрамасын жаттықтырудан неге бас тартқанын түсіндірді. 

Болгариялық "Тема Спорт" басылымының мәліметінше, маманның клубпен жаңа келісімшарты бойынша оның жалақысы жылына 1,2 миллион еуроға дейін өседі. 

"Мен үшін "Астана" нұсқасы тиімді болды. Батыс Еуропада аса бір ұсыныстар болған жоқ. "Астана" клубымен біз еурокубоктық ойындарға қатысып, біршама жетістіктерге жеттік. Біздің басты қозғаушы күшіміз -эмоция мен Еуропада ойнау мүмкіндігіміздің бары. Шынымды айтсам мен барлығы да бітті деп ойладым, алайда олар қайтадан басталды", - деді Стойлов. 

Болгариялық маман ұлттық құраманы да клубты да бірге жаттықтырғысы келмейтінін айтты. 

"Негізінде мен екі команданы бірден жаттықтыра алмаймын - жұмысы тым көп және ондай тәуекелге барып керек емес. Сонымен қатар, Қазақстанның бас бапкері бар. Егер осындай жағдай тап болса, мен сол кезде өз ойымды айтатын боламын", - деді бапкер. 

Сонымен қатар, маман алдағы Еуропа лигасының 1/8 финалында лиссабондық "Спортинг" командасымен өтетін ойын туралы  пікір білдірді. 

"Олар басымдылыққа ие, оларда чемпионат қызып тұр және ең жоғарғы санатты футболшылар өнер көрсетеді. Біз әзірге білмейміз, бізден екі-үш ойыншы кетіп те қалуы мүмкін. Алайда футболда айырбасқа келмейтін футболшы мен бапкер жоқ. Басты мәселе қарсылық таныту үшін көбірек жұмыс істеу керек", - деді Стойлов. 

50 жастағы Стойлов "Астананы" 2014 жылдан бері жаттықтырып келеді. Бірінші маусымда ол командаға жеңіс алып келді, содан кейін ол осы нәтижесін үш рет қайталады. Оның басшылығымен "Астана" бірінші рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне дейін көтерілді, ал биылы тұңғыш рет Еуропа Лигасының 1/16 финалына шықты. Ақпанда "Спортингпен" ойнайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети