23 қазан 2018 09:38

Тағы бір "Реал" футболшысы Роналдудың қазіргі клубына өтпекші

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадридтік "Реалдың" бразилиялық қорғаушысы Марсело қыста клубын ауыстыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Calciomercato сайтына сілтеме жасап. 


Мадридтік "Реалдың" бразилиялық қорғаушысы Марсело қыста клубын ауыстыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Calciomercato сайтына сілтеме жасап. 

Бразилиялық жігіт басшылығына хабарды айтып қойыпты. Футболшы бұрындары бір клубта өнер көрсеткен португалиялық Криштиану Роналду ауысқан туриндік "Ювентуске" барады.

29 тамызда Роналдудың өзі "Ювентустың" басшылығына Марселоны алуды сұраған. Португалиялық футболшы мен оның агенті "Реал" қорғаушысын 50 миллион еуроға жуық сомаға сатып алмақшы. 


Роналду Ювентуске 2018 жылдың жазында қосылды. Турин клубы 33 жастағы футболшыға 100 миллион еуро төлеген. 

Марсело 2007 жылдан бері "Реал" клубында ойнайды. Қорғаушы корольдік клубта 326 матч өткізіп, 24 рет қарсыластардың қақпасына доп салған. Марсело Испанияның төрт дүркін чемпионы. Сонымен қатар бразилиялық спортшы мадридтердің құрамасында Чемпиондар Лигасын жеңді. Футболшы Бразилия құрамасына үнемі шақырылып тұрады. Ол ұлттық құрамда 58 ойынға шығып 6 гол соққан. "Селесаомен" бірге Марсело 2013 жылы Конфедерация кубогының жеңімпазы атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети