Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85

"Тараз" футбол клубы премьер-лигадағы орнын сақтап қалды

16 Қараша 2014, 20:17
0
Фото fctaraz.kz сайтынан
Фото fctaraz.kz сайтынан

 Бүгін футболдан еліміздің екі лигасы арасындағы өтпелі кездесуі өтіп, өте тартысты өткен матчта "Тараз" клубы "Қыран" командасын ұтып, ел чемпионатының ең жоғарғы тобындағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордадағы "Астана-Арена" стадионында өткен матчта биыл премьер-лигада 11-орынға табан тіреген "Тараз" бен бірінші лигада екінші орынға ие болған Шымкенттің "Қыраны" кездесті.

Ойынның 24-минутында шымкенттіктер есеп ашып, алға шыққан болатын. Бірақ олардың "премьер-лигада ойнасақ" деген армандары орындалмады. Тараздықтар екінші таймда таразы басын теңестірді.

Содан екінші тайм аяқталғанша да, қосымша 15 минуттың екі экстра-таймда да гол соғылмай, екі команда бірін-бірі ала алмады. Ал пенальтиде "Тараздың" бағы жанды.

"Тараз" – "Қыран" – 1:1 (қосымша уақытта – 0:0, пенальтиден – 3:1)

Голдар: Яровенко, 59 – Жұмаханов, 24.

Ескертулер: Башлай, 52. Д.Евстигнеев, 57 – Мыңбаев, 20. Оңал, 74. Ермұрзаев, 90+1. Пищулин, 101. Жұмаханов, 104.
120+1 минутта Жұмаханов алаңнан қуылды.

Төрешілер: А.Рахымбаев (Алматы), О.Богданов (Семей), Р.Сүйінов (Павлодар)


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай