Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.56
EUR / KZT - 374.46
CNY / KZT - 48.08
RUB / KZT - 5.51

Тізгінді Лотар Маттеус ұстауы мүмкін

05 Ақпан 2014, 19:09
0
Лотар Маттеус. Фото: а fanat.ua
Лотар Маттеус. Фото: а fanat.ua
ХХ ғасырдың соңындағы атақты неміс футболшысы Лотар Маттеус футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болуы мүмкін. Неміс маманы бүгін Қазақстан футбол федерациясының ғимараты маңайында бой көрсеткен деп хабарлайды Tengrinews.kz vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Маттеус өзінің спорттық ғұмырында немістің "Боруссия", "Бавария", италияның "Интер" және американың "Нью-Йорк" командаларының намысын қорғаған. Ал ұлттық құрама сапында Лотар 1980 жылғы Еуропа біріншілігін және 1990 жылғы Әлем біріншілігінде жеңіске жеткен.

Бапкер ретінде бұл маман австриялық "Рапид" және "Ред Булл", сербиялық "Партизан", бразилиялық "Атлетико Паранаэнсе" және израильдік "Маккаби" командаларын жаттықтырса, ұлттық құрама дәрежесінде Болгария құрамасын жаттықтырған.

Айта кетейік, ресми түрде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін таныстыру рәсімі 7 ақпан күні Астананың "Rixos President Astana" қонақүйінде өтеді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай