УЕФА-ның жаңа президенті тағайындалды

14 Қыркүйек 2016, 15:32
0
УЕФА-ның жаңа президенті тағайындалды - © rsport.ru
© rsport.ru

Грекия астанасы Афинада кезектен тыс Еуропалық футбол ассоциация конгресінде (УЕФА) ұйымның жаңа президенті тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

УЕФА-ның жаңа президенті болып Словения футбол федерациясының президенті Александр Чиферин тағайындалды. Ол федерацияға мүше елдер ұйымының 55 дауысының 42-ін жинаған. Оның мандаты 2,5 жыл қызмет етеді. Бұл мерзім тура Мишель Платинидің басшылық ету мерзімімен тура келіп отыр.

Еске салайық, Чифериннен бөлек президенттікке үміткер болып УЕФА вице-президенті, УЕФА атқару комитетінің мүшесі, Голландия футбол федерациясының президенті Майкл Ван Прааг өз кандидатурасын ұсынған. Ол тек 13 дауыс жинаған.

Еске салайық, 2015 жылдың қыркүйек айының соңында швейцариялық федералды әділет бюросы ФИФА басшысы Йозеф Блаттерге қарсы іс қозғаған. Ол 2011 жылы УЕФА басшысы Мишель Платиниге екі миллион швейцариялық франк заңсыз түрде аударды деп айыпталған. 21 желтоқсанда ФИФА-ның әдеп (этика) комитеті палатасының төрешілері Блаттер мен Платиниді  сегіз жылға футболдан шектеді. Кейінірек Платинидің жазасы алты жылға қысқарды. Одан кейін француз Лондондағы спорттық төрелік етуші сотқа (КАС) жүгінген, олар оның арызын қабылдап жартылай қанағаттандырды: айыппұл 80 мың франктен 60 мыңға дейін қысқарған, ал футболдан шеттелу мерзімі тағы екі жылға қысқарған.

 

Афинада өтіп жатқан Ұйымның кезектен тыс конгресінде Платини ресми түрде УЕФА президенті орнынан кететінін мәлімдеген. Ол қоштасу сөзінде өзінің кінәсіздігін айтып, ары қарай күресетінін айтқан. Соған қарамастан, ол ұйымның жаңа президентіне сәттілік тіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай