17 мамыр 2022 22:56

Ұлттар Лигасы. Жаңа бас бапкер Қазақстан құрамасының тізімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚФФ Фото: ҚФФ

Футболдан Ұлттар Лигасы турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының кеңейтілген ойыншылар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Футболдан Ұлттар Лигасы турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының кеңейтілген ойыншылар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусым айында Магомед Адиев баптайтын Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының үшінші жарысына қатысады. Осы уақыт аралығында біздің құрама Әзербайжан, Словакия (2 рет) және Беларусь құрамаларымен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиыны 24 мамыр күні Нұр-Сұлтанда басталады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Стас Покатилов ("Ақтөбе");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – "Тобыл"), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ақтөбе"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Елдос Ахметов ("Тараз"), Михаил Габышев ("Шахтер"), Талғат Көсепов ("Астана");

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов (барлығы – "Тобыл"), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – "Астана"), Думан Нәрзілдаев ("Каспий"), Тимур Досмағамбетов ("Шахтер"), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ақсу"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Бауыржан Байтана ("Тараз"), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы – "Ақтөбе");

Шабуылшылар: Артур Шушеначев ("Қайрат"), Абат Айымбетов ("Астана"), Айбар Жақсылықов ("Тобыл"), Абылайхан Жұмабек ("Тараз");

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети