11 наурыз 2022 17:54

Ұлыбританиялық миллиардер "Челси" клубын сатып алуға дайын екенін растады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ұлыбританиялық миллиардер Ник Кэнди "Челси" футбол клубын сатып алуға мүдделі екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Ұлыбританиялық миллиардер Ник Кэнди "Челси" футбол клубын сатып алуға мүдделі екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Кэнди "Челсиді" сатып алу үшін америкалық серіктестерді тартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ол жақын арада клубтың "Ньюкаслға" қарсы ойынын тамашалауға бармақ.

"Біз хабарландырудың егжей-тегжейін зерттеп жатырмыз және ұсыныс жасауға мүдделіміз. Қазір барлық "Челси" жанкүйері үшін белгісіз кезең басталғаны анық", - деді Кэнди өкілі.

Жақында британ билігі "Челсидің" қожайыны Роман Абрамовичке қатаң санкциялар салған болатын, ол енді келісімнен ешқандай пайда алмау шартымен ғана клубты сата алады.
 
Үкімет берген төтенше жағдай лицензиясының шарттарына сәйкес, клубты сатуға болмайды, бірақ үкімет өкілі сатуға рұқсат беру үшін жаңа лицензия алуға өтінішті қарастыратынын растады.

Еске салайық, Абрамович клубты санкцияларға байланысты сатуды ұйғарған болатын. Ол сатудан түскен қаражат Украинадағы соғыс қимылдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети