05 қыркүйек 2021 10:11

"Ювентустің" 17 жастағы футболшысы қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брайан Додьен. Фото: @bryandodien Брайан Додьен. Фото: @bryandodien

"Ювентустің" футболшысы Брайан Додьен 17 жасында қайтыс болды. Спортшы бірнеше жыл қатарынан қатерлі ісікпен күресіп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Championship.com сайтына сілтеме жасап.


"Ювентустің" футболшысы Брайан Додьен 17 жасында қайтыс болды. Спортшы бірнеше жыл қатарынан қатерлі ісікпен күресіп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Championship.com сайтына сілтеме жасап.

"Ювентус" Брайан Додьеннің отбасымен бірге қайғыға душар болды", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Додьеннің дерті 12 жасында анықталған. Клуб ойыншысы ауруға шалдыққаны анықталғанда, "Ювентусте" ойнаған жартылай қорғаушы Поль Погба "Ториноға" қарсы матчте соққан голын Додьенге арнады. Француздың жейдесінде "Брайан, біз сенімен біргеміз" деп жазылған.

Үш жылдан кейін Додьен ауруды жеңіп, ойынын жалғастырды. Осыған орай Погба ойыншыға өз футболкасын сыйға тартты. Погба Додьеннің өлімі туралы хабарды "ең қайғылы хабар" деп атады.

"Менің ойым және дұғам жақындарыңмен бірге. Жақын адамыңнан айырылу оңай емес, бірақ мен сені ешқашан ұмытпаймын", - деп жазды ол Instagram-да.

Ойыншының қандай себептен қайтыс болғаны айтылмады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Paul Labile Pogba (@paulpogba)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети