"Зенит" Исламхан соққан голдың видеосын жариялады 20 қаңтар 2020, 17:43

Ресейлік "Зенит" Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның гол соққан сәтін көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Команда футболшылары жаттығуда екіге бөлініп, ойын өткізген. Исламхан матч барысында қақпашымен бірге-бір шығып, гол соқты. Голдың видеосын "Зениттің" баспасөз қызметі Instagram желісінде "сторизге" жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Исламханның "Зенитке" қаралымға келгені 17 қаңтарда хабарланған, келесі күні ол Катардағы жиында алғашқы жаттығуына қатысты.
Исламханның соңғы командасы "Қайрат" болған, ол клубтан еркін агент ретінде кеткен еді.