23 шілде 2019 09:20

Златан Ибрагимович матч кезінде қарсыласының жағын сындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Лос-Анджелес Гэлаксидің" швециялық футболшысы Златан Ибрагимович  "Лос-Анджелес" ойыншысы Мохаммеду Эль-Монирдің жағын сындырды. Оқиға америкалық MLS чемпионаты аясындағы матч барысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Лос-Анджелестің екі командасы 19 маусымда кездескен. Матч "Гэлаксидің" пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бұл ойында Ибрагимович хет-трик авторы атанды. Ойын барысында 37 жастағы форвард әуедегі допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген. Салдарынан Эль-Монирдің бет сүйегі сынған. 

Сол сәттің видеосы мен жарақаттанған футболшының рентген суретін "Нью-Йорк Ред Буллс" ойыншысы Армо Тарек Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эль-Монирге енді ота жасалады, футболшы үшін маусым ерте аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети