Dauletten атымен танылған блогер Дәулет Мұқаев Bizben Podcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Қазақстанда баспанаға қатысты қандай бағдарлама қолжетімді екенін, қалай ақша жинау керегін айтып, үй аламын деп жүргендерге кеңесін берді.
Сонымен қатар, блогер "Баспана Хит" пен 7-20-25 бағдарламаларына қатысты ойын айтты.
"Салыстырмалы түрде бұл бағдарламалар пайдалы болды. "Баспана Хит" бағдарламасымен 60 мыңға жуық азамат үй алып, экономикалық жағдайын жақсарта алды. Себебі сол тұрғындар Алматы не Нұр-Сұлтанда 1-2 бөлмелі пәтер үшін айына 110-120 мың теңге ипотека төлейді. Ал егер ол сол қалаларда пәтер жалдап тұрса да, сол 120-130 мың теңгені төлер еді. Одан да өз үйіне төлегені жақсы. Сондықтан бұл құрылыс нарығына серпін берген бағдарлама. Оның бастапқы жарнасы - 20 пайыз, яғни олар халыққа ақша жинауды үйрете алды. 20 пайызын жинайсың, сенің үй алатын мүмкіндігің бар", - деді Дәулет Мұқаев.
Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары журналист Жұлдыз Әбділда, фактчекер Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен, әзілкештер Еркебұлан Мырзабек пен Нұрмахан Мұқанұлы, файтер Ақтөре Батырбек болған еді.