1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

"Тұрсынбек Қабатов - феномен" - Еркебұлан Мырзабек

Әзілкеш Еркебұлан Мырзабек BizbenPodcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әзілкеш Еркебұлан Мырзабек BizbenPodcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол әңгіме барысында қазақ әзілдері, КВН, ТНТ арнасындағы "ИГРА" шоуы туралы, "Жайдарман" мен өзі алып жүрген шоулар туралы айтты.

Сонымен қатар, Еркебұлан әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы ойын айтты. 

"Тұрсынбек ағамен концерттерде кездесіп қаламыз. Сөздің шыны керек, қолына микрафон берсең, жарады. Ол кісіде акцентпен сөйлемін-ау деген жоқ. Қайдан тауып алатынын білмеймін, мықты-мықты монологтар айтады. Бәрі тамсанып тыңдайды. Тұрсынбек - феномен кісі, миллионнан бір адам. Қазақша стенд-аптың үлгісі", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думақ Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов пен спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен болған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама