26 қыркүйек 2021 17:48

Арман Әшімов: Хейтерлер - көре алмайтын адамдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы - қазақстандық файтер Арман Әшімов. Ол хейтер деген кім екенін, өзі өмірде қандай екенін, отбасындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы - қазақстандық файтер Арман Әшімов. Ол хейтер деген кім екенін, өзі өмірде қандай екенін, отбасындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме барысында спортшы неге трешток қолданбайтынын да әңгімеледі. 

"Біз қарапайым адамдар сияқты өмір сүреміз. Тойларда билеймін, өмірде қалжыңбаспын. Жекпе-жекке шығып, трешток қолдану қазақтарға жараспайтын сияқты. Өмірде қарапайымбыз, әркіммен деңгейіне байланысты сөйлесе береміз. Қалжыңдасу керек болса, қалжыңдасамыз. Қабақ түйіп сөйлесу керек болса, солай сөйлесеміз", - деді ол. 

Сонымен бірге, Әшімов хейтерлерге қатысты пікірін айтты. 

"Хейтерлер - өзі жетістікке жетпеген, бірақ біреудің жетістікке жеткенін көре алмайтын адамдар. Қолынан келмейді. Тек әңгімемен немесе клиавиатура күшімен. Жетістікке жеткен адамның ойлау қабілеті мықты болады", - деді Арман. 

Еске салайық, бұған дейін Bizben Podcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думақ Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова және тіл маманы Назгүл Қожабек болған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети