Әлі шықпаған iPhone 8-дің жаңа функциялары жайлы деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлі шықпаған iPhone 8-дің жаңа функциялары жайлы деректер пайда болды

Жаңа iPhone смартфонында енді бұғаттау батырмасын басқан кезде Siri дыбыс көмекшісі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы тәуелсіз маман Гильермо Рэмбо Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа iPhone смартфонында енді бұғаттау батырмасын басқан кезде Siri дыбыс көмекшісі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы тәуелсіз маман Гильермо Рэмбо Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Бағдарлама жасаушының айтуынша, жаңа функция жайлы ол HomePod-ты зерттеп болған соң ғана білген. Сондай-ақ, ол мұндай жаңашылдықтың жаңа iPhone 8 смартфонында Home батырмасынының болмауымен байланыстырып отыр.

Айта кетейік, Apple смартфондарында саусақ іздері болмайтыны жайлы биыл тамыз айының басында айтыла бастаған болатын. Стив Троутон-Смит жаңа гаджеттерде Touch ID болмайтынын, оның орнына Face ID функциясы қосылатынын мәлімдеген болатын.

Қазіргі уақытта Apple корпорациясы 12 қыркүйекте өтетін таныстыру рәсіміне шақыру қағазын таратып жатыр. Онда жаңа iPhone смартфонының таныстырылымы жайлы жазылған. Сондай-ақ, баспасөз конференциясы барысында iPhone 8 смартфонынан бөлек басқа екі смартфон көрсетіледі екен: iPhone 7s пен 7s Plus. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети