Жаңа iPhone смартфонының қашан таныстырылатыны белгілі болды

01 Қыркүйек 2017, 09:29
0

Apple корпорациясы 12 қыркүйекте өтетін таныстыру рәсіміне шақыру қағазын таратып жатыр. Онда жаңа  iPhone смартфонының таныстырылымы жайлы жазылған, - деп жазады The Verge.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясы барысында iPhone 8 смартфонынан бөлек басқа екі смартфон көрсетіледі екен: iPhone 7s пен 7s Plus. 

Басылымның мәліметінше, 12 қыркүйекте жаңа LTE-модульді Apple Watch, Apple TV мен HDR таныстырылып, iOS 11 жүйесі жайлы толығырақ айтылатын болады.

Айта кетейік, iPhone 8 смартфонының жаңа дизайні мен 5,8 дюймді экраны болады. Ресми емес дереккөздерге сүйенсек, Apple компаниясы енді саусақ іздерінің орнында қолданушының бетін тану функциясын қосады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай