09 желтоқсан 2015 14:53

Алматылықтар табиғаттың ластануы жайында телефон қосымшасы арқылы хабарлай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы республикалық PosadiDerevo.kz қоғамдық бірлестігімен бірге экологияның ластануына бақылау жасайтын Solve it жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телефон қосымшасы арқылы суреттер жіберіп, ағаштардың заңсыз кесілуі, жапырақтардың немесе қоқыстардың өртенуіне пікір қалдыруға болады. Осы ластанулар жайлы ақпарат қосымшада сақталып, әр тұрғын оны қалпына келтіру жұмыстарының қай деңгейде өтіп жатқанын көре алады.

"Жобаның мақсаты - экологиялық ластануларды анықтауда азаматтардың үлесін арттыру. Бұл азаматтық белсенділікті жоғарылатуға әкеледі. Біз бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы ақпарат беріп отырамыз", - деді жоба ұйымдастырушысы.

Айта кетейік, жоба жекеменшік инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Ол жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді. Қосымшаны iOS жүйесі үшін мына жерден, Android үшін мына жерден жүктеп алуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети