Apple 2017 жылы iPhone смартфонының тек екі нұсқасын таныстыруы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple 2017 жылы iPhone смартфонының тек екі нұсқасын таныстыруы мүмкін - БАҚ © AppleInsider.com

Apple компаниясы 2017 жылы iPhone смартфонының үш моделін емес, тек екі моделін таныстыруы мүмкін, - деп жазады iGuides.ru MICGadget басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple компаниясы 2017 жылы iPhone смартфонының үш моделін емес, тек екі моделін таныстыруы мүмкін, - деп жазады iGuides.ru MICGadget басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Apple 2017 жылы iPhone-ның үш моделін таныстыруы керек болған: 7s, 7s Plus және iPhone 8. Алайда жақында MICGadget басылымы компанияның 2017 жылы тек екі модельді шығаратынын хабарлады.

Сондай-ақ, аноним дереккөздердің мәліметтеріне сүйенсек, Foxconn зауыты тек екі смартфонға тапсырыс алған. Бірақ кейбір сарапшылар таралып жатқан мәліметтерге қарамастан биыл күздің соңында iPhone 8 смартфоны шығатынын айтып жатыр.

Осыған дейін iPhone 8 смартфонының сыртқы келбеті кәдімгі iPhone телефондарына ұқсас болатыны хабарланған еді. Белгісіз дереккөздің мәліметінше, бұрынғы модельдерге қарағанда жаңа смартфонның арты және бүйірі дөңес болып келеді. Осылайша компаниядағылар осыдан он жыл бұрын шыққан ең бірінші моделінің дизайнын қайтармақшы. 

Сондай-ақ, Apple корпорациясының жаңа iPhone смартфондарына Smart Connector құрылғысын орнататыны айтылған болатын. соның нәтижесінде телефонға әр түрлі аксессуарлар жалғай беруге болады екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети