iPhone 8 құлақшын жалғағышының орнына жаңа құрылғы шықты

10 Сәуір 2017, 20:12
0
© appleinsider.com
© appleinsider.com

Apple корпорациясы жаңа iPhone смартфондарына Smart Connector құрылғысын орнатады, соның нәтижесінде телефонға әр түрлі аксессуарлар жалғай беруге болады, - деп хабарлайды Lenta.ru порталы Ubergizmo сатйына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Smart Connector арқылы виртуалды көзілдірік, құлақшын және тағы басқа гаджеттерді жалғауға болады. Сонымен қатар, коннектор сымсыз қуаттау үшін жарамды болуы да мүмкін. 

Ең бірінші рет Smart Connector құрылғысы iPad Prо планшетінде пайда болды. Ол кезде ол сымсыз пернетақтаны жалғау үшін қажет болған. Осы құрылғының пайда болғаны туралы инсайдерлер iPhone 7 смартфоны шығатын кезде хабарлаған. 

Еске салайық, iPhone 8 cмартфоны биыл қыркүйек айында таныстырылады, алайда сарапшы Брайан Уайт оның сатылымға кейін шығатынын хабарлады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай