23 шілде 2021 11:57

Clubhouse әлеуметтік желіге "шақыртумен" қосылу жүйесін алып тастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Clubhouse әлеуметтік желіге тек тіркелген пайдаланушылардың "шақыртуымен" қосылу жүйесін алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания блогына сілтеме жасап.


Clubhouse әлеуметтік желіге тек тіркелген пайдаланушылардың "шақыртуымен" қосылу жүйесін алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания блогына сілтеме жасап.

Бұрын пайдаланушылар әлеуметтік желіге тек "шақырту" арқылы қосыла алатын. Компания хабарламасында енді бәрі әлеуметтік желіге тіркеле алатыны айтылған.

"Біз бәрі тіркеле алу үшін кезек күту жүйесін алып тастадық", - делінген хабарламада.

Компания мәліметі бойынша, әлеуметтік желі жұмыс істеген сәттен бастап құрамы сегіз адамнан 58-ге дейін өскен, ал құрылған топтар саны күн сайын жарты миллионға жетеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі енді iOS қолданушыларына ғана емес, Android үшін де қол жетімді болады.

Айта кетейік, Google-дың бұрынғы қызметкерлері жасаған жаңа Clubhouse әлеуметтік желісі жылдам танымалдыққа ие болды. Әлеуметтік желі App Store-дан жүктелген қосымшалар арасында бірінші орынға ие болды. Clubhouse - тек аудио хабарламаларға арналған әлеуметтік қосымша. Бағдарламада танымал спикерлерге тікелей сұрақ қою мүмкіндігі бар. Сонысымен тыңдаушылар қызығушылығын тударады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети