04 наурыз 2021 17:43

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch.


WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch.

Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы қорғалған, сондықтан WhatsApp оны оқи да, тыңдай да алмайды. 

Мессенджердің компьютерлік нұсқасы ңғайлы бола түсті, себебі енді қосымша альбомдық түрде де жұмыс істейді. 

"Бұл компьютер алдында көп уақыт өткізетін пайдаланушылар үшін өзара әрекеттесу процесін ыңғайлы етеді. Сондай-ақ, әріптестеріңізбен жұмыс істеу жеңіл бола түседі, үлкен экранда отбасыңызды анық көруге мүмкіндік болады және пайдаланушыларға сөйлесу кезінде бөлмеде еркін жүруге мүмкіндік береді", - деді WhatsApp өкілі блогында.

Қолданушыға біреу хабарласқан кезде экранда қосымша бет ашылады, сол арқылы адам сөйлесуді бастап не тұтқаны қоя салуына болады. Ал қолданушы өзі басқа біреуге хабарласқан кезде басқару элементтері бар қосымша бет ашылады, сол арқылы микрофонды өшіруге болады. 

Бүгінде қолданушылар компьютердегі WhatsApp қосымшасы арқылы бір уақытта тек бір адамға хабарласа алады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети