29 сәуір 2021 09:28

Желіде жаңа арзан iPhone суреттері тарады 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ixbt.com Фото: ixbt.com

Желіде арзан iPhone SE 2022 моделінің алғашқы суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап. 


Желіде арзан iPhone SE 2022 моделінің алғашқы суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап. 

Келесі жылы Apple компаниясы жаңа iPhone SE смартфонын шығаруы мүмкін, оның дизайны да жаңа болмақ.  

10 мыңға жуық жазылушысы бар apple Lab атты Twitter қолданушысы Iphone SE 2020 смартфонының болжамды графикалық суреттерін жариялады, оны автор деректердің тарап кетуінің негізінде жасалған деп санайды.

Суреттерге сенсек, iPhone SE 2022 дисплейінің жоғарғы жағында алдыңғы камера үшін ғана орын болады. Артқы және негізгі камераның дизайны да өзгерген.

Болжам бойынша, құрылғының бүйірлік батырмасында биометриялық сәйкестендіру үшін саусақ ізін сканерлейтін функция болады. 

Iphone SE 2022 Apple A13 жүйесімен, 4 ГБ жедел жадымен және 64, 128 немесе 256 ГБ флэш-жадымен қамтамасыз етіледі деген болжам бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети