05 тамыз 2021 09:20

Желіде жаңа iPhone 13 Pro суреттері жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ixbt.com Фото: ixbt.com

Желіде қос түстегі жаңа iPhone 13 Pro смартфонының суреті жарияланды. Олар күлгін және сұр түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап.


Желіде қос түстегі жаңа iPhone 13 Pro смартфонының суреті жарияланды. Олар күлгін және сұр түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта бұл шын смартфондар ма, әлде олардың нақты макеттері ме - белгісіз. Олар танымал блогерлерде бұрыннан болуы мүмкін.

Суреттерге қарағанда, IPhone 13 Pro-ның басты ерекшелігі Face ID жүйесінің жұмысына қажетті камера мен басқа сенсорлар орналасқан экранның кішірейгенінде, қуаттауға арналған бөлімнің болмауында.

Екі суретте смартфондардың төменгі жағында, бұрын Ligthning коннекторы болған жерде, екі шағын магниттік контактілер бар екені анық көрсетілген. Apple компаниясы MagSafe магниттік қуаттауға болатын порттарды жоюы мүмкін екені туралы қауесеттер көптен бері айтылып келеді. Бірақ бұл тек келесі жылы болуы мүмкін.

Айта кетейік, IPhone 13 Pro желісі биыл қыркүйекте таныстырылады. Apple iPhone 13 шектеулі өнім болатыны ескертілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети