Қызғылт түсті iPhone 6S бірнеше сағаттың ішінде сатылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызғылт түсті iPhone 6S бірнеше сағаттың ішінде сатылып кетті

АҚШ-та Apple интернат-дүкені жаңа iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарының Rose Gold моделі алдын ала тапсырыс беру басталғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде таусылып қалды, - деп хабарлайды MacRumors порталы.

Басылымның мәліметінше, жаңа смартфондардың "қызғылт моделі" Apple техникаларын сүйетіндер үшін аса танымал болған және алдын ала тапсырыс беруде бірінші партиясын сатып алуға бірнеше сағат қажет болыпты. Қазіргі уақытта ресми интернет-дүкенде жаңа модельдерді енді 2-3 аптадан кейін, қыркүйек айының соңында сатып алуға болатыны жазылған. Осылайша АҚШ, Ұлыбртания, Аустралия және Германияның тұрғындары Apple өніміне қол жеткізе алмай отыр. 

Еске салайық, Apple АҚШ-та iPhone 6S және iPhone 6S Plus, IPad Pro және дауыспен басқаруға болатын Apple TV жаңалықтарын таныстырды. Смартфондар 12 елде 25 қыркүйектен бастап сатыла бастайды, ал жыл соңына дейін iPhone 6S 130 елде сатылады. Ал жаңа iOS 9 операциялық жүйесі 16 қыркүйектен бастап іске қосылады. IPad Pro планшеті сатылымға қараша айында шығады, оның бағасы - 799 доллар. Ал стилустың бағасы 99 доллар, пернетақтаның бағасы 169 долларға тең.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети