Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Apple компаниясы iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарын таныстырды

10 Қыркүйек 2015, 08:46
0

Apple компаниясы Сан-Франциско қаласында iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарын таныстырды, жаңа смартфондар төрт түрлі түспен шыққан, бар түстерге "қызғыл алтын" түсі қосылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Олар бұрынғыша көрінуі мүмкін, бірақ біз бәрін өзгерттік", - деді компанияның бас директоры Тим Кук модельдерді таныстыра отырып.

Смартфондардың жаңа процессоры А9 деп аталды және құрастырушылардың айтуынша, ол бұрынғы смартфондарға қарағанда 70 пайызға жылдам жұмыс істейді. Жаңалықтар биометрикалық тетігіне қатысты, Touch ID 2 жұмысы жылдам әрі нақтырақ бола түскен. 

iPhone 6S смартфонының 12 мегапиксель болатын камерасы түнгі уақытта түсіруге мүмкіндік береді және түстердің қанықтығы ерекшеленеді. Смартфон 4К видеотүсірілім жасауға мүмкіндік береді. Фототүсірілімге негізгі камерасына да, алдыңғы беттің 5 мегапиксельді камерасына да жарықшақ орнатылған. 

Смартфонда жұрттың күткен басты жаңалығы 3D Touch қызметі болды - Force Touch функциясын 2015 жылғы Apple Watch және MacBook иелері біледі. Технология саусақпен басудың күшін анықтайды және соған байланысты қызмет түрін түрліше атқара алады.

Смартфондар 12 елде 25 қыркүйектен бастап сатыла бастайды, ал жыл соңына дейін iPhone 6S 130 елде сатылады. Ал жаңа iOS 9 операциялық жүйесі 16 қыркүйектен бастап іске қосылады.

Таныстырылым кезінде iPad Pro планшет компьютері де ұсынылды. Оның экранының өлшемі - 12.9 дюйм. Планшет Apple компаниясының бұрынғы планшеттеріне қарағанда қуаттырақ болады, процессоры A9X деген атау алды. Алайда гаджеттің қалыңдығы 6.9 миллиметр ғана, салмағы 710 грамм. Планшетпен қуаттамай 10 сағат бойы жұмыс істеуге болады.

Apple ұсынған Pencil стилусы әдеттегідей саусақпен басқару тәртібінде қолданылады. Ал Microsoft компаниясы жаңа iPad-қа Office қосымшалар пакетін ұсынды, нақтырақ айтсақ, планшетке арналған Adobe бағдарламасы. Графикалық редактор арқылы 3D модельдерді жасауға болады. iPad Pro жұмысын оптимизациялау мақсатында девайсқа магнит бекіткіші бар клавиатура да қосылады.  

Планшет сатылымға қараша айында шығады, оның бағасы - 799 доллар. Ал стилустың бағасы 99 доллар, пернетақтаның бағасы 169 долларға тең.

Сонымен қатар, таныстырылымда Apple TV жаңартылған көпфункциялы ТВ-приставкасы көрсетілді. Кабель телевизиясының арналар декодерінің енді жаңа корпусы бар және оны Siri бағдарламасы арқылы дауыспен басқаруға болады, мұнымен бірге, сенсор батырмалары бар пультпен де басқаруға болады екен.

© AFP


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай