1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

WhatsApp 13 ақпан күнгі олқылыққа қатысты жауап берді 20 ақпан 2014, 16:11

Байланыс Қазақстан мен WhatsApp арасындағы бағдарлауларда жіберілген кемшіліктермен байланысты нашарлаған болуы мүмкін.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов
WhatsApp-тың қолдау қызметінің мамандары Қазақстанда 13 ақпан күні байланыстың не себепті нашарлағаны жөнінде түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. 13 ақпан күні еліміздің аумағында жылдам хабар жіберуге арналған WhatsApp және Viber сияқты ұялы қосымшалар бір сағат бойы жұмыс істемей қалған болатын. Nurpashev деген қолданушы әлеуметтік желіде WhatsApp-тан алынған ресми жауапты жариялады. "Біз бұл мәселе жөнінде білеміз. Бұл ел ішіндегі қосылу кедергілерімен немесе Қазақстан мен біздің серверлеріміз арасындағы бағдарлауларда жіберілген кемшіліктермен байланысты болуы ықтимал", - делінген ресми жауапта. Бүгін - 20 ақпанда Facebook-тің WhatsApp мессенджерін сатып алғаны белгілі болды. Сауда келісімі сомасы 16 млрд доллар болған.


Join Telegram