22 желтоқсан 2018 14:01

WhatsApp мессенджерінің өз ақшасы пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Facebook корпорациясы WhatsApp мессенджерінде ақша аударуға арналған өз криптовалютасын жасап жатыр. Bloomberg мәліметі бойынша, бұл қызметтің орталығы Үндістан болмақ.


Facebook корпорациясы WhatsApp мессенджерінде ақша аударуға арналған өз криптовалютасын жасап жатыр. Bloomberg мәліметі бойынша, бұл қызметтің орталығы Үндістан болмақ.

Компания келеңсіздіктердің санын азайту үшін доллармен байланыстырылған цифрлық ақша жасап жатыр. Facebook-тегі анонимді ақпарат көздерінің хабары бойынша, өнімнің дайын болуы үшін әлі көп уақыт қажет. Қазір мамандар виртуалды валютаны қорғау стратегиясын ойластыруда.

IT-сарапшылары Facebook-тің финанстық қызметтерін 2014 жылы болжаған екен. Ол кезде компания PayPal-дың бұрынғы президенті Дэвид Маркусты Messenger-ды жасауға жалдаған. Жақында ол блокчейн жасайтын команданы басшылыққа алды.

WhatsApp Үндістанда белсенді қолданылады: оның бұл елдегі аудиториясы 200 миллионнан асады. Мемлекет, сонымен қатар, жасалған ақша аударымдары бойынша да алдыңғы орынды иеленеді: 2017 жылы Үндістанға 69 миллиард доллар аударылған.

2018 жылы Үндістанда WhatsApp желісі арқылы таралған жалған ақпараттар кісі өліміне себепші болды. Адамдар "бала ұрлаушылардың" мекен-жайы жазылған жалған хаттар алып, өзіне оғаш көрінген адамдарды жазалаған. Бірнеше айдың ішінде тергеусіз соттың кесірінен елде бірнеше ондаған адам қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети