20 қараша 2020 10:23

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болады. Енді хабарламаға видео тіркеп жіберу ыңғайлырақ болады. Бұл туралы Wabetainfo компаниясы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болады. Енді хабарламаға видео тіркеп жіберу ыңғайлырақ болады. Бұл туралы Wabetainfo компаниясы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың айтуынша, жаңалықтың мәні мынада: енді әңгімелесіп отырған дамаға немесе чатқа видео жібермес бұрын, пайдаланушы дыбысты өшіре алады.

Экранның сол жағында видеоның ұзақтығы мен өлшемі туралы ақпараттың жанында дыбысқа жауап беретін динамик белгішесі пайда болады.

Жаңа функция бета-тестілеу сатысында екені атап өтілді. Ол WhatsApp-та 2020 жылдың соңына дейін пайда болуы мүмкін.

Бұған дейін WhatsApp мессенджері жеті күннен кейін жоғалып кететін хабарлама режимін іске қосқаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети