ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 25 мамырда азаматтардың жекелеген санаттары амбулаториялық жағдайда тегін немесе жеңілдікті шарттармен ала алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесінің жаңа редакциясын бекітті, - деп хабарлайды TengriHealth.
Түзетулер Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына енгізілді.
Құжатқа сәйкес, қолданыстағы тізбе жаңа редакцияда мазмұндалады.
Жаңа тізімге мыналар кіреді:
Тізбеге пациенттерге арналған препараттар мен медициналық бұйымдар енді. Олардың ішінде:
Бұйрықтың орындалуын бақылау денсаулық сақтау вице-министріне жүктеледі.
Құжат ресми жарияланғаннан кейін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың толық тізбесімен мына жерде танысуға болады.