Қазақстандық фитнес-клубқа бармай, абонементті қайтармақ болған: іс тексеріске дейін жетті

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Батыс Қазақстан облысында фитнес-клуб клиентке пайдаланылмаған абонемент үшін ақшасын қайтаруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында фитнес-клуб клиентке пайдаланылмаған абонемент үшін ақшасын қайтаруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Не болды?

2026 жылғы ақпанда өңір тұрғыны БҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Ер адам 2025 жылғы желтоқсанда фитнес-клубтың жылдық абонементін 257 600 теңгеге сатып алғанын айтты. Алайда екі аптадан кейін ол жаттығу залы қызметін пайдаланбастан шартты бұзуға шешім қабылдаған.

Соған қарамастан, қаражатты қайтару кезінде фитнес-клуб абонемент құнының 20 пайызын, яғни 51 520 теңгені ұстап қалған. Клуб өкілдері мұны келісімшарттағы тармақпен түсіндіріп, оған сәйкес қайтару кезінде бұл сома әрдайым шегеріліп отыратынын алға тартқан.

Жарнама
Жарнама

Тексеріс нәтижесі қандай?

Клиенттің шағымынан кейін департамент мамандары фитнес-клубқа жоспардан тыс тексеру жүргізді. Ведомство бизнес өкілдері сілтеме жасаған келісімшарт талаптары "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 8-1-бабына қайшы келетінін атап өтті.

"Аталған нормаға сәйкес, орындаушы тұтынушының құқықтарын бұзатын немесе шектейтін шарт талаптарын енгізуге құқылы емес. Осы баптың 2-тармағына сәйкес, шартты бұзу кезінде көрсетілмеген қызмет үшін төленген ақшаны қайтармауды көздейтін талаптар жарамсыз болып танылады", – деп түсіндірді департамент өкілдері.

Даудың нәтижесі

Тексеру нәтижесінде фитнес-клуб басшылығына анықталған заң бұзушылықтарды жою және ұсталған соманы қайтару туралы нұсқама берілді. Сол күні фитнес-клуб тұтынушыға 51 520 теңгені толық көлемде қайтарды.

Ведомство келісімшартты бұзу кезінде көрсетілмеген қызметтер үшін тұтынушы ақшаны толық қайтаруды талап етуге құқылы екенін еске салды. Бас тартқан жағдайда өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгіну қажет.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама