2026 жылдың мамыр айы қазақстандықтарды демалыс күндерінің көптігімен қуантады. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда 14 күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін мамырда 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар. Tengri Life жұмысты, сапарлар мен демалысты алдын ала жоспарлау үшін күнтізбе дайындады.
Қазақстандықтар 7 және 9 мамырда қалай демалады?
Бейсенбі, 7 мамырда қазақстандықтарды мерекелік демалыс күні күтіп тұр. Ел тұрғындары Жеңіс күніне орай демалыстың ауыстырылуына байланысты тағы бір қосымша демалыс күнін дүйсенбі, 11 мамырда алады.
Бес күндік жұмыс аптасындағы демалыс кестесі
5/2 кестесімен жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс келесідей болады:
- 4, 5 және 6 мамыр - жұмыс күндері;
- 7 мамыр (бейсенбі) - демалыс;
- 8 мамыр (жұма) - жұмыс күні;
- 9 мамыр (сенбі) - мерекелік демалыс күні;
- 10 мамыр (жексенбі) - демалыс күні;
- 11 мамыр (дүйсенбі) - ауыстыру есебінен берілетін қосымша демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс қалай болады?
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін кесте басқаша болады:
- 7 мамыр - демалыс;
- 8 мамыр - жұмыс күні;
- 9 мамыр - мерекелік демалыс күні;
- 10 мамыр - жексенбі, демалыс;
- 11 мамыр - жұмыс күні.
Фото: depositphotos.com/Passcal. Иллюстрация: Tengrinews.kz / Жандарбек Манарбеков
2026 жылы мамырда қанша демалыс күні болады?
2026 жылы мамырда барлығы:
- бес күндік жұмыс аптасында - 14 демалыс және 17 жұмыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында - 9 демалыс және 22 жұмыс күні.
Сондай-ақ қазақстандықтар Құрбан айттың бірінші күніне орай 27 мамырда қосымша демалыс алады.
Мамыр айында тағы қандай мерекелер тойланады?
Мамыр айында қазақстандықтар бірқатар кәсіби және мерекелік күндерді де атап өтеді:
- 10 мамыр (айдың екінші жексенбісі) - Аналар күні;
- 17 мамыр - Байланыс қызметкерлері күні;
- 20 мамыр - Метрология қызметкерлері күні;
- 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;
- 31 мамыр (айдың соңғы жексенбісі) - Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні;
- 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.