Ұзақ демалыс: Астана мен Алматыда Жеңіс күні қайда баруға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұзақ демалыс: Астана мен Алматыда Жеңіс күні қайда баруға болады? Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматы мен Астанада мамырдағы ұзақ демалыс мазмұнды болмақ: ашық аспан астындағы концерттер, спектакльдер, көрмелер, кино және еске алу акциялары жоспарланған. Tengri Life 9–11 мамыр аралығындағы басты іс-шараларды назарларыңызға ұсынады.


Алматы мен Астанада мамырдағы ұзақ демалыс мазмұнды болмақ: ашық аспан астындағы концерттер, спектакльдер, көрмелер, кино және еске алу акциялары жоспарланған. Tengri Life 9–11 мамыр аралығындағы басты іс-шараларды назарларыңызға ұсынады.

Биыл әскери парад өтпейді, сондай-ақ отшашу мен дрон шоуы да болмайды. Дегенмен Алматы мен Астана тұрғындары мерекелік атмосферасыз қалмайды: әкімдіктер концерттер, спектакльдер және басқа да іс-шаралар қамтылған ауқымды бағдарлама дайындады.

Астанада қайда баруға болады?

9 мамыр

Елорда әкімдігінің мәліметінше, мерекелік шаралар сағат 12:00-де қалалық алаңда эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттен басталады.

Сондай-ақ күн бойы тағы бірнеше концерт пен спектакльдер ұсынылады:

  • сағат 12:00-де Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры ғимараты алдында мерекелік концерт өтеді;
  • сағат 18:00-де театрда "Ар адамы - Бауыржан" қойылымы көрсетіледі;
  • сағат 18:00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Мәншүк" спектаклі өтеді;
  • сағат 18:00-де Амфитеатрда мерекелік концерт болады;
  • сағат 18:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында "Жеңіс күні" симфониялық оркестр концерті өтеді.

10 мамыр

  • Сағат 19:00-де "Жастар" сарайында "Жыл мезгілдері: Вивальдимен сырласу" атты концерт өтеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 15:00-де "Синтез" ізденіс-эксперименталды театрында "Ертең соғыс болған еді" спектаклі өтеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 18:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында "Дон Кихот" спектаклі қойылады. Кіру билетпен.
  • Сағат 19:00-де "Жастар" сарайында "Махаббат мұңы" спектаклі өтеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 20:00-де "Қазақстан" орталық концерт залында әнші C.C.Catch концерті өтеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 19:00-де Астананың "Концерт залында" Қуандық Рахымның жеке концерті өтеді. Кіру билетпен.

11 мамыр

  • Сағат 20:00-де Dorffman bar-да (Жиенқұлова көшесі, 7/6) New Amsterdam кавер-тобының орындауында "Жеңіс күні" концерттік бағдарламасы өтеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 20:00-де Pozitiv барында (Ғабдуллин көшесі, 18) "Антидүйсенбі" стендап кеші өтеді, ұйымдастырушылар әр қонаққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға уәде береді. Кіру билетпен.
  • Сағат 19:00-де "Взлётный" гриль-барында (Қабанбай батыр даңғылы, 34) "Квиз, плиз!" викторинасы өтеді. Әр кезеңде командалар танымал телешоулардың механикасына негізделген сұрақтарға жауап береді. Кіру билетпен.
  • Сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін LM Kulanshi Art галереясында (Аманжолов көшесі, 22а) "Сальвадор Дали планетасы" халықаралық көрмесі өтеді. Кіру билетпен.

Алматыда қайда баруға болады?

9 мамыр

Мегаполис әкімдігі мәліметінше, негізгі іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтеді.

  • Сағат 09:30-да Даңқ мемориалына гүл қою рәсімі болады;
  • Сағат 10:00-де отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама басталады;
  • ардагерлер мен тыл еңбеккерлері үшін дала асханасы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ сағат 10:00-де Горький саябағында "Батырларға тағзым" акциясы басталады.

Сонымен қатар іс-шаралар қаланың әр ауданында өтеді:

  • Алмалы ауданы – Иманов атындағы сквер;
  • Алатау ауданы – Атлеттер ауылы (Нұркент, 5);
  • Әуезов ауданы – Family Park;
  • Жетісу ауданы – әл-Фараби сквері (Айнабұлақ ықшамауданы);
  • Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы саябақ;
  • Наурызбай ауданы (8 мамыр) – №187 мектеп-гимназия (Жандосов көшесі, 2).

Әкімдік сағат 19:00-де Шұғыла ықшамауданы, 347 мекенжайындағы амфитеатрда Ұлы Отан соғысына арналған қазақстандық фильмдер көрсетілетінін қосып өтті.

10 мамыр

  • Сағат 20:00-де Motor клубында (Назарбаев даңғылы, 50) әнші Zhanulka-ның концерті өтеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 20:00-де Музкафеде (Абай даңғылы, 117) JCS тобының концерті болады. Кіру билетпен.
  • Сағат 18:30-да "Жас Сахна" театрында (Абай даңғылы, 117) "Аю" спектаклінің премьерасы өтеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 19:00-де "Жас Сахна" театрында (Абай даңғылы, 117) "Жәмиля" спектаклі қойылады. Кіру билетпен.
  • Сағат 19:00-де "Неквартира" шығармашылық кеңістігінде Дәрмен Құбашевтің "Көше аңыздары" атты акустикалық концерті өтеді. Кіру билетпен.

11 мамыр

  • Сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында (Қабанбай батыр көшесі, 110) қалалық хореографиялық училищелер бірінің жас әртістері өнер көрсетеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 20:00-де HM Lounge Bar-да (Жамбыл көшесі, 133) "Жёсткий стендап by Stand Up Camp" кеші өтеді. Кіру билетпен.
  • Сағат 19:00-ден бастап Open Cinema Almaty кинотеатрында (Жандосов көшесі, 58/1) ашық аспан астында кешкі кино көрсетілімі өтеді. Барлығы үш фильм көрсетіледі: 19:00 – "Коко құпиясы" (2017); 20:55 – "Уақыт саяхатшысының жары" (2009); 22:50 – "Шоушенктен қашу" (1994).

Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков биыл әскери парад болмайтынын, оның орнына плац-концерттер мен өзге де іс-шаралар өтетінін айтқан болатын.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Tengrinews