“Әскери шеру жоспарланбаған“. Биыл Қазақстанда 7 және 9 мамыр қалай атап өтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Әскери шеру жоспарланбаған“. Биыл Қазақстанда 7 және 9 мамыр қалай атап өтіледі? Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков биыл 7 және 9 мамырда әсери шерудің орнына қандай іс-шаралар жоспарланып жатқанын айтты. Биыл әскери шеру өткізілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков биыл 7 және 9 мамырда әсери шерудің орнына қандай іс-шаралар жоспарланып жатқанын айтты. Биыл әскери шеру өткізілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министр орынбасарының айтуынша, Қорғаныс министрлігі мерекелік іс-шараларды өткізуге қаражат бөлмейді. Бұл жұмыспен әкімдіктер айналысады.

"Биыл әскери шеру жоспарланбаған, бірақ 7-9 мамыр күндері түрлі қалаларда, облыстар мен аудан орталықтарында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бұл - плац-концерттер, қару-жарақ пен әскери техника көрсетілімі, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін шақыра отырып, солдат ботқасын дайындауға арналған шатырлар құру сияқты шаралар", - деді Мұстабеков Сенатта өткен брифингте.

Қорғаныс министрлігі 7 және 9 мамырға арналған барлық мерекелік іс-шараның толығырақ анонсын кейінірек ұсынуға уәде берді.

Еске сала кетейік: былтыр Астанада Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өткен болатын.

Шеруге төрт мыңнан аса әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника бірлігі, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +19
Ақтау +17
Ақтөбе +15
Атырау +19
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +21
П
Павлодар +16
Петропавл +22
С
Семей +17
Т
Талдықорған +19
Тараз +21
Түркістан +13
О
Орал +18
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер