02 қараша 2021 11:45

"Шағым айтуға құқығым жоқ". 16 жастағы алматылық кондитерлік дүкен ашып, еміне ақша жинап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оны батыр және жүрек жұтқан "Джейн сарбаз" деп атап кеткен. Оның ерік-жігеріне, сабырлығы мен өмірге деген талпынысына кез келген есті адам қызығады. Ал оның жасы небәрі 16-да. Карина Мингалеева қатерлі ісікпен және оның салдарымен күресіп келеді. Нәзік қыз берілмейді және өз үлгісімен өзгелерді шабыттандырады. Биыл Карина шағын кондитерлік дүкенін ашып, тәттілер мен десерт сатуды қолға алды. Tengrinews.kz тілшісі "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында Карина бәріне қалай үлгеріп жүргені және оған қиындықпен күресуге не көмектесетінін әңгімелейді.  


Оны батыр және жүрек жұтқан "Джейн сарбаз" деп атап кеткен. Оның ерік-жігеріне, сабырлығы мен өмірге деген талпынысына кез келген есті адам қызығады. Ал оның жасы небәрі 16-да. Карина Мингалеева қатерлі ісікпен және оның салдарымен күресіп келеді. Нәзік қыз берілмейді және өз үлгісімен өзгелерді шабыттандырады. Биыл Карина шағын кондитерлік дүкенін ашып, тәттілер мен десерт сатуды қолға алды. Tengrinews.kz тілшісі "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында Карина бәріне қалай үлгеріп жүргені және оған қиындықпен күресуге не көмектесетінін әңгімелейді.  

Карина Мингалеева - үнемі көңілді жүретін, мұңаймайтын жарқын адам. Оны тіпті ауыр қиындықтан өтті деп ойламайсың да: бірнеше операция, химиотерапия, түрлі процедура, талдаулар, неше түрлі дәрі мен қайта оңалу да бар. Карина төрт жасында қауіпті ауру - апластикалық лимфома анықталған. Сол кезден бастап ол өмірі үшін күресе бастады. 

"Мен өзімді аяғанды ұнатпаймын, ешқашан аяған да емеспін, егер бірдеңе жасағым келмесе немесе жасай алмасам үнемі маған емес, басқа адамға қиынырақ екенін айтамын. Менде шағым айтуға немесе бір нәрседен бас тартуға құқығым жоқ. Дәл қазір саған қарағанда басқа бір адамның жағдайы қиынырақ болуы мүмкін, сондықтан қайғырмаймын", - дейді Карина.    

2019 жылдың қыс мезгілінде Израильде емделіп жатқанында Карина ғаламтордан түрлі-түсті дражемен безендірілген ерекше печеньені көрген. Сол кезде ол үйіне қайтқан кезде міндетті түрде оны жақындарына пісіріп беруді ойлайды. Печенье дәмді болып шыққаны соншалық, оны сатамын деп шешім қабылдаған.

"Көптеген адам сатып алғысы келетінін айтып, маған жазды. Осылайша біртіндеп анамның көмегімен оны тапсырысқа пісіре бастадым. Сатылымнан түскен ақшамен өз емімнің белгілі бір сомасын төлеп, басқа балаларға да көмектестім", - дейді Карина.

Биыл Карина аспаздық қабілетін жетілдіріп, шағын кондитерлік дүкенін ашты. 

"Әпкеммен кондитерлік өнер курсына барып, білігімді арттырдым. Әжем үйінен бір бөлмені бөліп, өзіміз жөндеу жұмысын жүргізіп, кондитерлік дүкен ашып, үстелдер мен пеш қойдық. Тәттілерге салынатын қосымша заттардың, бисквиттердің рецептін өзіміз жасаймыз, үнемі үйреніп отырамыз", - дейді жас кондитер.  

Алайда Карина болашақта кондитер болмайтынын айтады. Оның арманы - журналист болып, сурет түсірумен айналысу. Бүгінде Каринаның жұмыс кестесі тығыз - мектептегі оқуы, аспаздық, гитара тартуды үйрену мен журналистика факультетіне түсу курсын қатар алып жүр.  

"Мен, шыны керек, "Қалай бәріне үлгеріп жүрмін?" деп өзіме сұрақ қоямын. Өзім қаламасам да ерте тұрамын. Шамамен таңғы 7-8-де. Бірақ тарихтан сабақ беретін мұғалімім айтпақшы, бәріне үлгеру үшін таңғы 5-те тұру керек, бірақ мен әлі ондай деңгейге жете қойғаным жоқ. Бастысы - өзіңе кесте жасап алу. Сонымен қатар, маған ұстазым өте қызық бір нәрсені жасауды ұсынды - өзіңнің табысты кездеріңді жазып отыратын күнделік бастап, сол жерге өзіңнің кішігірім жеңістеріңді жазып отыру керек. Себебі көбіне кішігірім жетістіктерімізді елемей жатамыз, ал ол жерге бәрін анықтап жазу керек. Мысалы таңғы бесте тұруыңның өзі бір жетістік. Жеке сіздің жетістігіңіз. Немесе бөлім жиынтық бағалауынан 15-тен 15 алдым делік, ол да жетістік", - дейді Карина. 

Каринаның айтуынша, бастысы - берілмеу керек. Оған бірнеше жыл бойы дем беріп жүрген ой да сол.  

"Менің өмірімде де түрлі жағдай болады, мысалы менің немесе ата-анамның еңбекқорлығы болмаса, қазіргі жағдайға жетпес едім. Екі рет қайтадан жүруді үйрендім, дәрігерім соңғы рет Израильде кездескенімізде маған бұған дейін мұндай нәтиже көрмегенін, яғни бір жылдан кейін жақсы жүріп кеткен ешкімді кездестірмегенін айтты, ол үшін мен аянбай еңбектендім. Бәрі адамның өзіне байланысты. Менде де қиын сәттер болады, қатты мазасызданып кетемін, ондай кездері маған ән мен медитация көмектеседі. Мен оны ауруханада болғанымда түсіндім және бүгінде мен көп медитация жасаймын", - дейді Карина.  

Енді Карина шағын кофехана ашып, дүние жүзін саяхаттауды армандайды. Сондай-ақ ол бас-гитара алғысы келеді және өзі қаласа, бұл арманы орындалатынына сенеді.  

Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. Жобаның мақсаты - біздің заманымыздың қарапайым кейіпкерлері туралы айту, олар өз әрекеттерімен өзгелердің өмірін сақтап, басқаларға қол ұшын созып жүрген, сондай-ақ қиындықтарға қарамастан спортта жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар. Бұл кейде байқалмайтын, бірақ шын мәнінде жоғары адами ерліктер туралы оқиғалар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети