10 наурыз 2019 12:01

2019 жылғы Универсиада ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы канадалықтарды жеңді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото с сайта krsk2019.ru © Фото с сайта krsk2019.ru

Красноярскіде өтіп жатқан 2019 жылғы Универсиада аясында қазақстандық студенттік хоккей құрамасы қорытынды топтық раундта канадалық команданы ойсырата жеңді. Юрий Михайлистың шәкірттері топтық кезеңде барлық матчты жеңген, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Красноярскіде өтіп жатқан 2019 жылғы Универсиада аясында қазақстандық студенттік хоккей құрамасы қорытынды топтық раундта канадалық команданы ойсырата жеңді. Юрий Михайлистың шәкірттері топтық кезеңде барлық матчты жеңген, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойын есебін Антон Некряч бірінші минутта ашты. Тоғызыншы минутта Егор Шалапов басымдылықты екі есе ұлғайтты. Екінші кезеңнің басында Эмиль Нұрғалиев (23-нөмір) есепті 3:0 жеткізді. Бірақ, артынша канадалықтар бес минуттан кейін есепті екі шайбаға азайтты. Соңғы минуттарда командалар бір-бірлеріне гол соқты. Қазақстандық командадан Некряч дубль жасады. Нәтижесінде қазақстандық хоккейстер 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Михайлистың шәкірттері топтық кезеңді сүрінбей өтіп, В тобында бірінші орынға тұрақтады.

Осыған дейін, Қазақстан құрамасы Латвияны (10:1), Швецияны (5:0),  Ұлыбританияны (17:1) және Швейцарияны (7:0) есептерімен жеңген. Жартылай финалда В тобының жеңімпазы А тобындағы екінші орынды иеленген командамен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдыңғы үш Универсиада ойындарында ақтық кезеңдерге жеткен. 2013 жылы Канададан, 2015, 2017 жылдары Ресейден жеңілген. Оған қоса қазақстандық команда 1995 жылы алтын иеленген, 2007 жылы қола алған.   

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети