Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды Сурет iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы екі кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы екі кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы биыл да әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "В" тобында бақ сынайды. Мұны деңгейі жағынан "үшінші топ" деп түсінген дұрыс. 2012 жылы бірінші дивизионынның "А" тобында соңғы орынға табан тіреп, "В" тобына түсіп қалғанбыз.

Былтыр осы топта бірінші орынға ие болып, "А" тобына қайта оралуды мақсат тұтқанбыз. Бірақ оған қыздарымыздың шамалары жетпеді. Биыл да шыға алмайтын болып отыр. Себебі хоккейші қыздарымыз алғашқы екі ойында-ақ сүрініп, жеңілістің кермек дәмін татты...

Жалпы, Вентспилсте өтіп жатқан әлем чемпионатының "В" тобында биыл Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Солтүстік Корея, Латвия және Венгрия құрамалары "А" тобының жалғыз жолдамасына таласуда. Ал соңғы орынға табан тіреген құрама екінші дивизионның "А" тобына түсіп қалады.

Қазақстан қыздары алғашқы матчта Солтүстік Корея құрамасынан 0:3 есебімен ұтылып қалды. Осы ретте айта кетейік, кейінгі жылдары Азияда әйелдер хоккейінің деңгейі қарқынды түрде өсіп келеді. Мысалы, қысқы Азия ойындарында абыройымызды асқақтатып, саф алтынмен апталып жүрген қыздарымыз былтыр Францияда өткен әлем чемпионатында ғана дәл осы Солтүстік Корея қыздарын 6:2 есебімен ұтқан болатын...

Бұдан кейін қыздарымыз Нидерланды аруларымен кездесіп, ойынның негізгі уақытында тең түскендерімен, овертаймда жеңіліске ұшырады. Есеп – 2:3. Бұл кездесудегі екі голды да ұлттық құраманың сұрмергені Зарина Тухтиева соқты. Екі матчта да қақпаны Айжан Раушанова қорғады. Ол бірінші матчта 30 соққыны тойтарса, екіншісінде 36 соққыға тосқауыл бола білді.

Қазақстан құрамасының ойындары күнтізбесі:

Әлем чемпионаты. І дивизион, "В" тобы. Латвия
6 сәуір: Қазақстан – Солтүстік Корея – 0:3
7 сәуір: Қазақстан – Нидерланды – 2:3 /ОТ/
9 сәуір: Қазақстан – Латвия
10 сәуір: Қазақстан – Қытай
12 сәуір: Қазақстан – Венгрия

Қазақстан құрамасының сапы:

қақпашылар – Айжан Раушанова ("Айсұлу", Алматы), Татьяна Можаева (спортқа дарынды жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, Алматы);

қорғаушылар – Дәрия Молдабай, Әсем Төлеубаева, Ләззат Мыңжасарова, Виктория Сазонова, Ольга Конышева, Екатерина Скобелкина (бәрі де – "Айсұлу"), Ажар Хамимулдинова ("Томирис", Астана);

шабуылшылар – Меруерт Рыспек, Ғалия Нұрғалиева, Арай Шегебаева, Салтанат Үрпекбаева, Зарина Тухтиева, Айя Калиула, Любовь Ибрагимова, Алена Фукс, Карина Фельзинк, Татьяна Лихаус, Татьяна Королева, Надежда Филимонова (бәрі де – "Айсұлу"), Валерия Каменская ("Устинка", Өскемен).

Бас бапкер – Александр Мальцев,
Жаттықтырушы – Наталья Скобелкина.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети