21 наурыз 2019 10:35

"Барыс" "Авангардтан" үшінші рет ұтылып, плэй-офф кезеңінен ұшуға жақындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото "Авангард" ХК сайтынан Фото "Авангард" ХК сайтынан

Астаналық "Барыс" Гагарин кубогы плэй-офф кезеңінің ширек финалындағы төртінші матчта омдық «Авангардтан» ұтылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Астаналық "Барыс" Гагарин кубогы плэй-офф кезеңінің ширек финалындағы төртінші матчта омдық «Авангардтан» ұтылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Балашихада өткен матч айдын иелерінің пайдасына 3:1 (0:0, 1:1, 2:0) есебімен аяқталды.

Бірінші кезеңде "Барыс" қарсыласына қарағанда көбірек соққы жасағанымен, есеп үзіліске дейін ашылған жоқ.

Ал екінші кезең аренадағы жарық мәселесіне байланысты 15 минутқа кеш басталды. Командалар бұл кезеңде бір шайбадан соғып шықты. 27-минутта "Авангард" есеп ашты. Александр Яремчук өз командасын алға шығарған.

Көп ұзамай "Барыс" та өз мүмкіндігін жібермей, таразы басын теңестіріп тастады. Мэтт Фрэттин дәлдік танытты.

Өкінішке қарай, ресейлік команда үшінші кезеңде жауапсыз екі шайба соғып, жеңісті жұлып әкетті. Соңғы кезеңде Максим Чудинов дубль жасап, өз командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, төрт жеңіске дейін созылатын серияда "Авангард" 3:1 есебімен алда келеді.

Бесінші матч 22 наурызда Астанада өтеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети