25 қараша 2014 10:06

"Барыс" ХК бапкері "Ақ Барс" шабуылшысымен төбелескен Рыспаевты батыр деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дамир Рыспаев. Фото "Барыс" ХК сайтынан Дамир Рыспаев. Фото "Барыс" ХК сайтынан

"Барыс" ХК бас бапкері Андрей Назаров қазақстандық клуб жас қорғаушысы Дамир Рыспаев пен Қазанның "Ақ Барсының" форварды Александр Свитов арасындағы төбелес жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz


"Барыс" ХК бас бапкері Андрей Назаров қазақстандық клуб жас қорғаушысы Дамир Рыспаев пен Қазанның "Ақ Барсының" форварды Александр Свитов арасындағы төбелес жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"19 жастағы жаңа ойыншымыз туралы айтқым келеді. "Барыстың" жартысы жарақат алып, команда сегіз күн ішінде өзінің сырт алаңдағы төртінші кездесуін өткізген қиын жағдайда ол шеберге үн қатып, жекпе-жекке өң беруге тырысты. Қазақстанда айтып жатқандай, Рыспаев - батыр!" - деді "Барыс" ХК тәлімгері. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

"Барыс" ХК қорғаушысы Кевин Даллмэннің айтуынша, бұл жақсы төбелес болды. "Біз матч алдында төбелес туралы ештеңе білмедік. Хоккей матчтарында ондай болып тұрады. Жақсы төбелес болды, екеуі де беріспеді", - деді ол. Толығырақ мына жерде

Еске сала кетейік, "Барыс" ХК жас қорғаушысы Дамир Рыспаев "Ақ Барс" шабуылшысы Александр Свитовпен төбелесіп қалған еді. Төбелес матчтың 13-секундында болды. Хоккейшілер бір-біріне бірнеше соққы берді, ешкім жеңілмеді. Қазылар төбелесті тоқтатты. Айта кетейік, "Барыс" ХК бұл кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети