05 желтоқсан 2014 13:52

"Барыс" хоккей клубы Андрей Назаровтың отставкасын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Назаров. ©РИА Новости Андрей Назаров. ©РИА Новости

"Барыс" хоккей клубы осыған дейін ресейлік БАҚ-тарда пайда болған команданың бас бапкері Андрей Назаровтың отставкасы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Барыс" хоккей клубы осыған дейін ресейлік БАҚ-тарда пайда болған команданың бас бапкері Андрей Назаровтың отставкасы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шынымды айтсам, мен сіздердің әріптестеріңіздің жұмбақ дереккөзінің "Барыс" хоккей клубы жайлы дүрбелең туғызып, оны өзі қайта жоққа шығара жаздағанына қатты таңғалып отырмын. Бүгін қандай да бір өзгеріссіз жоспарлы жаттығу өтті. Сіздерде, Ресейде қалай екенін білмеймін, ал бізде, Қазақстанда осылай. Өз әріптестеріме жалған ақпарат таратқаны үшін ірі көлемде айыппұл төлетіп, тіпті түрмеге де отырғызуға болатынын ескеркім келеді", - деді "Барыс" хоккей клубының баспасөз хатшысы Олен Журкевич "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, кеше БАҚ-тарда өз дереккөзіне сілтеме жасап, "Барыс" хоккей клубы Андрей Назаровты отставкаға жіберетіні жайлы ақпарат тарады. Ресей маманының жұмыстан шығуына команданың көңіл көншітерліктей нәтиже көрсете алмағаны себеп болғаны айтылған еді. Дереккөздің мәліметінше, Назаровтың орнына "Барыс" клубының бас бапкері болып Ари-Пекки Селин келеді. Ол 4 желтоқсанда Астанада "Авангардқа" қарсы ойында көрінген еді. Сонымен қатар, Селиннің тағайындалуы жайлы ресми түрде жұмада, 5 желтоқсанда жария болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети