1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Хоккей

"Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-да үш рет қатарынан жеңіп шықты

Астаналық "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ маусымында "Медвешчак" командасын жеңіп шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, командалар арасындағы кездесу бүгін, 7 қарашада 2:0 есебімен аяқталды.

Басылымның мәліметінше, "Барыс" клубының қорғаушысы Роман Савченко ойынның 21-минутында бірінші шайбаны соқты. Оған бұл шайбаны соғуға шабуылшы Роман Старченко мен Евгений Рымарев көмектескен.

Бұл "Барыс" хоккей клубының биылғы маусымдағы 11-ші ойыны және үшінші рет қатарынан жеңіске жетуі екен. Осылайша қазіргі уақытта "Барыс" клубының қоржынында 34 ұпай бар.