Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Барыс" Қазақстан Президентінің кубогы үшін турнирде финалға шықты

12 Тамыз 2015, 23:45
0
© "Барыс" ХК
© "Барыс" ХК

Астананың "Барыс" хоккей клубы Владивостоктың "Адмирал" командасын Қазақстан Президентінің кубогының топтық кезеңінің соңғы матчында жеңіп, турнирдің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Командалар арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды. "Адмирал" хоккейшілері матчтың 30-шы минутында Никлас Бергфорстың дәл жасаған соққысынан кейін алға шықты. "Барыс" екінші кезеңнің аяқталуына 46 секунд қалғанда есепті теңестіре білді. Дастин Бойдтың берген шайбасынан Найджел Доус нәтиже шығарды. "Барыс" хоккейшілері жеңіс шайбасын 45-ші минутта соқты. Бұл жолы да Доус көзге түсті. 

Матч туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

Бұл есеп екі команданы да Қазақстан Президентінің Кубогы турнирінің финалына шығарды. Финал 13 тамызда болады. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 19.00-де. Ал 14.00-де "Барыс" пен "Адмирал" сияқты 6 ұпай жинап, бірақ қосымша көрсеткіштерде оларға жол берген "Югра" командасы мен барлық ойында жеңіліс тапқан "Металлург" командасы үшінші орынға таласады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай