23 наурыз 2014 10:52

"Барыс" өз жанкүйерлерін бір қуантып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото championat.com  сайтынан алынды Фото championat.com сайтынан алынды

Кеше, наурыздың 22-сі күні Астана қаласының "Барыс" хоккей клубы өз жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф ойындарының екінші кезеңі аясында "Барыс" өз алаңында "Салават Юлаевты" (Башқұртстан, Уфа) айқын басымдықпен жеңді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Айта кеткен жөн, бұған дейінгі ойында "Барыс" өз қарсыласына 2:3 (ОТ) есебімен жол берген болатын. Осы жолы да "Салават Юлаев" екі шайбамен бірден алға шықты. Алайда екінші кезеңнің соңына қарай астаналық клуб таразы басын теңестіріп қана қоймай, бір шайбамен алға да шыға білді. Бұл жерде Кристиан Кудроч, Константин Руденко және Кэм Баркердің мергендігін ерекше атап өткен жөн. Ал үшінші кезеңде Андрей Гаврилин мен Дастин Бойд есеп айырмасын 5:2-ге дейін жеткізді. Қарсылас команда төбелес шығарып, "Барыстың" жүйкесін тоздырып көрді. Бірақ алаң иелері оның бәріне төтеп беріп, тас қорғанысын шебер ұстай білді. Қорытынды есеп өзгеріссіз қалды. Сөйтіп, плей-офф ойындарының екінші кезеңі аясында "Барыс" хоккей клубы өз алаңында бір рет ұтылып, бір рет жеңді. Жалпы, есеп - 1:1. Ал плей-оффтың ережесіне сәйкес, қарсыласты төрт рет жеңу керек. "Барыс" келесі екі ойынды Уфада наурыздың 24-25-сі күндері өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети