"Барыс" Уфада ұтылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" Уфада ұтылып қалды Сурет hcsalavat.ru сайтынан

Гагарин кубогының ширек финалындағы үшінші кездесуін Уфада өткізген "Барыс" Башқұртстан клубынан ұтылып қалды. Сөйтіп, жалпы есепте 2:1 есебімен "Салават Юлаев" алға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астанадағы екі ойында "Барыс" пен "Салават Юлаев" итжығыс түскен. Яғни бірінші ойында Башқұртстан клубының бағы жанып, екіншісінде "Барыс" есесін қайтарған. Ал Уфада өткен үшінші матчта Қазақстан клубы ұтылып қалды. Бірден айтайық, бұл ойында төрешілер әділетті болмады. Қит етсе, "Барыс" ойыншыларын айдыннан қуып, мезі қылды. "Барыстың" бұл ойындағы айып уақыты 26 минут болды! Ал "Салават Юлаев" бұл матчта бірде-бір рет кем құрамда ойнаған жоқ. Рас, екі ойыншысы айдыннан қуылды (сонда айып уақыты – 4 минут). Бірақ екеуінде де "Барыстың" да ойыншылары қоса қуылып, олар кем құрамда ойнаған жоқ. Әрине, "Барыс" өзгеше тактика ұстанды. "Салават Юлаев" ойыншылары төрешілер Қазақстан клубы хоккейшілерін айыптап, айдыннан аластатып отыруы үшін әртүрлі қитұрқы әдістерге барып жүр. "Барыстың" айбынды жігіттері олардың ондай арандатушылыққа бармауларын өтінсе де, болмады. Сондықтан оларды сескендіріп тастауға тырысқандай... Бірақ бұдан да ештеңе шықпады. Төрешілер "Барыс" ойыншыларын дәміл-дәміл айдыннан қуып, әбден титықтатты. Жүйкелеріне тиді... Бірінші кезеңде "Барыс" ойыншылары айдын иелерін алға шығарып алды. Олар өте жоғары қарқында ойнады. "Барыстың" еңгерзедей қорғаушыларынан тек шапшаң қимылдап қана өтіп кетуге болатындарын біліп, осы тактиканы ұстанды. Екінші кезеңде төрешілер "Барыс" ойыншыларын қайта-қайта айдыннан қуып, мезі қылғанда, "Салават Юлаев" сәл-пәл тізгінін тартты. Сірә, "жүйкелері әбден жұқарып, таулары шағылды, енді беріледі" деп ойласа керек. Бірақ жігерлік пен табандылықтарының арқасында төрешілердің әділетсіздіктеріне де төзіп жүрген "Барыс" қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, екі гол соқты. Сөйтіп есепті мейілінше қысқартты. Алайда үшінші кезеңде бақтары жанбады. Бұл ойында төрешілермен қатар сәттілік те "Салават Юлаев" клубы жағында болды... Бүгін – төртінші ойын. "Барыстың" Құрлықтық хоккей лигасында көріп жүрген құқайы бұл ғана емес. Бірнеше жыл аталмыш лигадағы төрешілер шешімдеріне көңіл аудармай жүрген "Барыс" табандылығының арқасында жеңіске жетеді деп сенеміз. /2/ "Барыс" (Астана) – /4/ "Салават Юлаев" (Уфа) – 1:2 (2:3 ОТ, 5:2, 2:5)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети