04 қыркүйек 2016 21:06

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада-2018 іріктеу кезеңінде Италия командасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада-2018 соңғы іріктеу кезеңінде Италия командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада-2018 соңғы іріктеу кезеңінде Италия командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 4-ші қыркүйекте норвегиялық Осло қаласында өтті. Ойынның қорытындысы бойынша Андрей Назаровтың командасы қарсыластарын 3:2 есебімен жеңді. Қазақстандықтардан қарсыластар қақпасын шайба салғандар: Максим Худяков (9-шы минут), Брэндон Боченски (29-шы минут) және Роман Старченко (57-ші минут). Италиялықтардан көзге түскендер Джулио Сканделло (7-ші минутта) және Томаззо Траверса (38-ші минут).

Осыған дейін, қазақстандық хоккейшілер овертаймда Норвегия командасын 4:3 есебімен жеңіп, Франция құрамасынан 1:4 есебімен жеңілген.

Осыған орай, Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша бес ұпай жинап екінші орынан аса алмайды. Топтың жеңімпазы Франция-Норвегия құрамаларының кездесуінен кейін белгілі болды. Осы командалардың біреуі Олимпиада-2018 ойынына қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети