Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Хоккейші Якуб Петружалектің пәтерінен топ-модельдің мәйіті табылды

12 Қараша 2014, 09:56
0
Якуб Петружалек пен Кристина Нетолицкая. ©sip.denik.cz
Якуб Петружалек пен Кристина Нетолицкая. ©sip.denik.cz

Чехияда хоккейші Якуб Петружалектің құрбысы өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды LifeNews.ru. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, белгілі топ-модель Катерина Нетолицкаяның денесін Петружалектің ағасы тауып алған. Якуб Петружалек - чех хоккейшісі, "Литвинов" клубының тәрбиеленушісі. Финляндия клубтарында да ойнаған.

Ол қазір Ресейде - Екатеринбургтің "Автомобилисінде" ойнайды, оның алдында Мәскеудің "Динамосында" болып, өткен жылы өзге ойыншылармен бірге Гагарин Кубогын жеңіп алған болатын. Чех полициясы өкілі Людмила Светлакованың хабарлауынша, "алдын ала мәлімет бойынша, қыз зорлық әрекеті салдарынан өлмеген". Пәтерден қастандық әрекетінің немесе қыз қайтыс болған уақыттағы бөгде адамның ізі табылмады. Марқұмның денесі сойылғаннан кейін оның өлімінің нақты себебі анықталады.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, 1 қараша күні Нетолицкая 26 жасқа толды. Ол модель ретіндегі карьерасын 2004 жылы бастаған, 10 жыл ішінде Prada, L'Oreal, H&M сияқты танымал брендтермен жұмыс істеді. Оның соңғы жұмыстарының бірі H&M киім-кешек бренді үшін жасалған фотосессия болды. Қайғылы оқиға туралы естіген Якуб Петружалек бірден отанына ұшып кетті.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай