Италия хоккейшілерімен есеп айырыстық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия хоккейшілерімен есеп айырыстық Сурет iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты дайындығы барысында Италия құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты дайындығы барысында Италия құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірінші ойында біздің хоккейшілер 1:3 есебімен ұтылып қалған. Ал екінші матчта құрамын сәл өзгертіп, 4:2 есебімен есе қайтарды. Сонда жалпы есепте тең түсіп, бес гол соғып, өз қақпамызға бес гол жіберіп алдық деуге де болады.

Екінші ойындағы голдарды Роман Старченко, Максим Семёнов, Константин Романов және Николай Антропов соқты.
Бұл ойында біздің қақпаны Алексей Иванов қорғады. Ал айдынға мына хоккейшілер шықты:

Алексей Литвиненко – Кевин Даллмэн, Андрей Гаврилин – Николай Антропов – Роман Старченко; Артемий Лакиза – Роман Савченко, Вадим Краснослободцев – Федор Полищук – Талғат Жайлауов; Антон Казанцев – Алексей Васильченко, Константин Пушкарев – Дмитрий Уппер – Константин Романов; Евгений Блохин – Максим Семенов, Михаил Паньшин – Андрей Спиридонов – Евгений Рымарев.

Енді Қазақстан ұлттық құрамасы Франция құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді (3 мамырда Руанда, 4 мамырда Парижде). Ал 7 мамырда Минскіге ұшып барады. Естеріңізге сала кетейік, біздің құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 10 мамырда Германия құрамасымен өткізеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети