11 наурыз 2014 14:32

Қазақстан хоккейінде жартылай финалға шыққандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет hcbarys.kz сайтынан Сурет hcbarys.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден плей-офф жүйесімен жалғасып жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққан командалар анықталды. Олар: "Ертiс" – "Арыстан" және "Арлан" – "Бейбарыс", деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ел чемпионатының біразға созылған ширек финалдық ойындарының бәрі аяқталды. Ең ұзаққа созылған дода "Арыстан" мен "Номад" арасындағы ойындар болды. Теміртау клубына жартылай финал жолдамасына қол жеткізу үшін "Барыстың" қосалқы құрамымен алты матч өткізуіне тура келді. Ал ең қысқа дода – "Ертіс" пен "Астана" арасындағы бәсеке. Павлодар клубы астаналықтарды төрт рет қатарынан ұтып, жартылай финалға қиналмай шықты. Қалған екі жұптағы кездесулер бес матчқа созылды. Сөйтіп, ширек финалдағы төрт жұпта барлығы 20 матч өтті. Оның үшеуі овертаймға дейін ұласты. Бірақ ешқандай тосын нәтиже болған жоқ. Төрт жұпта да фавориттер жеңіске жетті. Жалпы ойындар нәтижесі төмендегідей: /1/ Ертiс – /8/ Астана – 4:0 (5:4 ОТ, 3:0, 5:3, 6:0) /2/ Арлан – /7/ Горняк – 4:1 (4:0, 2:1, 1:3, 3:1, 8:2) /3/ Бейбарыс – /6/ Бүркіт – 4:1 (5:3, 1:0 ОТ, 1:4, 5:3, 4:1) /4/ Арыстан – /5/ Номад – 4:2 (5:2, 5:3, 2:1, 0:2, 3:4 ОТ, 4:2) Енді – жартылай финал. Жартылай финалдағы жұптар ел чемпионатының негізгі біріншілігіндегі командалардың иеленген орындарына байланысты төмендегідей болды: /1/ Ертiс – /4/ Арыстан – 16-17.03; 20-21.03; 24.03; 27.03; 30.03. /2/ Арлан – /3/ Бейбарыс – 16-17.03; 20-21.03; 24.03; 27.03; 30.03. Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалдағы дода да төрт жеңіске дейін созылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети