Қазақстан құрамасы хоккейден Данияны ұтты

08 Ақпан 2014, 11:40
0
Қазақстан құрамасы хоккейден Данияны ұтты - Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды
Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды
Қазақстан құрамасы хоккейден француздың Бриансон қаласында өтіп жатқан ЕуроЧелендж кубогында екінші рет жеңіске қол жеткізді деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы хоккейден Дания командасымен кездесті. Бұл матч 4:3 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан хоккейші Роман Старченко, Федор Полищук, Михаил Паншин және Николай Антропов ерекше көзге түсті. Бұл ойын туралы мына арадан кеңірек таныса аласыздар.

Таяуда ғана Қазақстан құрамасы Францияны ойсырата ұтқан болатын. Есеп - 4:2. Бұл жеңіс ұлттық құраманың жаттықтырушысы Ари-Пекки Селин үшін дебют болды. Бүгін, 8 ақпанда қазақстандықтар Германия құрамасымен матч өткізетін болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай