Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтетін әлем чемпионаты дайындығын Италияда пысықтап жатыр. Осы елдің құрама командасымен өткен бірінші жолдастық кездесуде біздің хоккейшілер 1:3 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтетін әлем чемпионаты дайындығын Италияда пысықтап жатыр. Осы елдің құрама командасымен өткен бірінші жолдастық кездесуде біздің хоккейшілер 1:3 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық құрама әлем біріншілігі қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынын 14 сәуірде бастаған. Еліміздің ұлттық құрамасын жаттықтыратын финн маманы Ари-Пекка Селин жігіттерімізді әуелі Мичурино ауылындағы базада сынақтан өткізді.
Кеңейтілген тізімдегі отыздан астам хоккейшіні біраз байқап көрді. Жарақаты бар жігіттерді елге қалдырып, жаттығу жиынын Италияда жалғастыруға аттанған.
Осы елде өздері сияқты Минскідегі әлем чемпионатына дайындалып жатқан, бірақ басқа топта ойнайтын Италия құрамасымен мұзайдында додаға түсіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды Дмитрий Уппер соқты.
Бұл – жолдастық кездесу. Сондықтан біздің құраманың жеңіске жетуді мақсат тұтпағанандары байқалып тұрды. Қазіргі ең бірінші міндет – мұзайдында бірін-бірі жақсы түсінетін бестіктер құрау, олардың ойындарының үйлесім табуы.
Бұл ойынға біздің құрама мына хоккейшілерімізді шығарды:
Виталий Еремеев; Роман Савченко, Евгений Блохин, Максим Семёнов, Артемий Лакиза, Владислав Колесников, Владимир Гребенщиков, Алексей Васильченко, Антон Казанцев; Талғат Жайлауов, Дмитрий Уппер, Фёдор Полищук, Михаил Рахманов, Константин Пушкарев, Евгений Рымарев, Вадим Краснослободцев, Константин Романов, Михаил Паньшин, Алексей Анциферов, Андрей Спиридонов, Алексей Воронцов.
Ал Алексей Иванов, Павел Полуэктов, Кевин Даллмэн, Алексей Литвиненко, Николай Антропов, Роман Старченко, Андрей Гаврилин, Максим Беляев сынды хоккейшілеріміз бұл ойында мұзайдынға шығарылған жоқ.
Бүгін біздің құрама Азиагода Италия құрамасымен екінші рет кездеседі. Бұдан кейін Франция құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді: 3 мамырда Руанда, 4 мамырда Парижде.
Осы ретте айта кетейік, Италия және Франция ұлттық құрамалары да биыл әлем чемпионатының жоғары дивизионында бақ сынайды. Бірақ олар «А» тобында ойнайды да, біздің құрама «В» тобында сынға түседі.
Осы төрт кездесуден соң құрама сапы нақты анықталып, әлем чемпионатына 23 ойыншы ғана тіркеледі. Содан Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіге 7 мамырда ұшып барып, әлем чемпионатына қатысады. Біздің құраманың бірінші ойыны – 10 мамырда. Алғашқы қарсыласымыз – Германия құрамасы.