05 мамыр 2014 16:14

Кевин Даллмэн "Барысқа" қайта оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hcbarys.kz сайтынан Фото hcbarys.kz сайтынан

Бүгін "Барыс" хоккей клубының ресми сайты көпшілікке танымал қорғаушы Кевин Даллмэнмен келісімшартқа отырғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін "Барыс" хоккей клубының ресми сайты көпшілікке танымал қорғаушы Кевин Даллмэнмен келісімшартқа отырғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайтын, канадалық қорғаушы Кевин Даллмэн мен "Барыс" клубы үш жылдық келісімшартқа қол қойыпты.

Өздеріңіз білесіздер, Даллмэн 2008-2012 жылдары "Барыс" сапында ойнаған. 2012 жылдан бастап, биылғы маусым аяқталғанша СКА (Санкт-Петербург) командасында өнер көрсетті. Енді Құрлықтық хоккей лигасында өзінің бағын ашқан қазақ топырағына қайта оралып отыр.

Жалпы, ол Құрлықтық хоккей лигасынада 295 ойын өткізді. Оның еншісінде әзірше 239 ұпай (92 гол + 147 пас) бар.

Дәл қазір "Барыс" клубы алдағы маусымның қамын ойлап, кейбір ойыншылардың келісімшарттарын ұзартып жатыр. Мысалы, бүгін мына хоккейшілердің келісімшарттары ұзартылғандықтары мәлім болды:

  • шабуылшы Андрей Гаврилин – бір жылға;
  • шабуылшы Константин Пушкарёв – бір жылға;
  • шабуылшы Михаил Рахманов – екі жылға;
  • шабуылшы Артём Бурдалёв – екі жылға жылға;
  • қорғаушы Никита Церенок – екі жылға.

Ал бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты америкалық қорғаушымыз Майк Ландиннің келісімшарты екі жылға ұзартылғандығын жариялаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети